Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының №2 бөбекжайы» МКҚК
ГККП «Ясли- сад №2 города Акколь при отделе образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

"30- жылдыққа 30 ойын"

 http://facebook.com/detskiisad.nomerdva                             

          ​    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Еңбек ардагерлерімен жылы кездесу

09.10.2026

Қарттар күніне орай біздің №2 бөбекжай-бақшамызда еңбек ардагерлерімен жүрекке жылу сыйлаған әсерлі кездесу өтті.
Балабақша тәрбиеленушілері құрметті қонақтарға арнап мерекелік бағдарлама дайындады. Балалар асықпен би билеп, тақпақтар оқып, «Бремен музыканттары» ертегісінің желісі бойынша шағын қойылым көрсетті. 
Кәсіподақ комитетінің төрайымы Киянова Мария Валерьевна қонақтарға арнап қызықты ойындар ұйымдастырды.

Шынайы әңгіме барысында ардагерлер еңбек еткен жылдарын еске алып, жарқын естеліктерімен бөлісті.

Кездесу жылы әрі достық атмосферада ұйымдастырылған шай дастарқанымен жалғасып, ардагерлерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. 
Құрметті ардагерлеріміз! Сіздерге көпжылдық адал еңбектеріңіз, баға жетпес тәжірибелеріңіз және балабақшамыздың тарихына қосқан зор үлестеріңіз үшін шын жүректен алғыс білдіреміз!

Сіздердің еңбектеріңіз – бізге үлгі, өмірлік тәжірибелеріңіз – кейінгі ұрпаққа өнеге! 

Просмотров: 14


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст